«Қамқорлық» акциясы » Страница 434 » Сағат Әшімбаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сағат Әшімбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2018

«Қамқорлық» акциясы

«Бекітемін»
Мектеп директоры Үсенов Ж.Б

«С.Әшімбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылында 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясын өткізудің іс-шара жоспары

№ Атқарылатын жұмыстар Мерзімі Жауапты адам
1 «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту,
16.01.2018.ж
ТІЖО
С.Серикболова

2. Көмекке мұқтаж балаларды
анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді), аралап тексеруді жүргізу 17.01.2018.ж
Әлеуметтік педагог
Д.Таутбаева
Сынып жетекшілер

3. Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыстылық», «Түнгі селодағы балалар» рейдтерін ұйымдастыру және өткізу Акция кезінде
10.01- 10.02.2018.ж
Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
ТІЖО
С.Серикболова

4.«Қамқорлық» акциясын өткізу 30.01.2018 ж
Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
ТІЖО
С.Серикболова

5. Жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты кестеге сәйкес аудандық білім бөліміне тапсыру. Акция кезінде
10.02.2018.ж
ТІЖО
С.Серикболова




«С.Әшімбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық №
Жамбыл ауылы 16.01.2018 ж


Қамқорлық акциясын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 3-18-3/55 хатын, Алматы облысының білім басқармасының 15.01.2018 жылғы №29-н, Райымбек аудандық білім бөлімінің 10.01.2018 ж № 3/1 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мектеп бойынша оқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы шеңберінде «Қамқорлық акциясы» 2018 жылдың 30 қаңтарында өткізілсін.

2. «Қамқорлық» акциясын ұйымдастырып, аз қамтылған отбасының балаларына көмек көрсетілуі үшін комиссия мүшелері құрамы төмендегідей бекітілсін.
1.С.Серикболова – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары комиссия төрағасы
2.А.Жанпейісова– мектеп психологі мүшесі
3. Б. Даменова– қоғамдық инспектор
4.Д.Таутбаева – қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің мүшесі

3. Мектепке дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын балаларды анықтау және есепке алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс шаралар ұйымдастыру және өткізу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына міндеттелінсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау, басшылық жасау, мектепке акцияны өткізудің арнайы іс – шаралары әзірленіп , акцияның жүргізілуі туралы ақпаратты педагогикалық кеңесте талқылап, қорытындысын аудандық білім бөліміне тапсыру тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Серикболоваға тапсырылсын.



Мектеп директоры: Үсенов Ж.Б









«С.Әшімбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесіндегі «Қамқорлық» акциясының өтуі туралы.

Анықтама

Мектебімізде 30.01.2018 ж өткен «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және өткізу бұйрығы әзірленіп бекітілді. «Қамқорлық» акциясын өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды. Көмекке мұқтаж балаларды, мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді), аралап тексеру жүргізуді мұғалімдер орындады. Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыстылық», «Түнгі селодағы балалар» рейдтері ұйымдастырылып өткізілді. «Қамқорлық» акциясына мұғалімдермен қатар демеушілерде қатысты. Ұйымдастыру барысында аз қамтылған,көп балалы, жартылай жетім отбасы балаларына қаржылай көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 47 000 теңге ақша жиналып , 10 оқушыға оқу құралдары алынып берілді. 1,3 сынып оқушылары Әшірақын Мәди мен Тоқанова Шынарға 10000 мыңнан 20000 мыңға қыстық куртка алып берілді. 7 сынып оқушысы 4000 спорттық аяқ киім алып берілді. Жиналған ақшалай қаражатты мектептегі жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға комиссия мүшелерінің келісімімен бөлініп берілді.


Мектеп директоры: Үсенов Ж.Б

ТІЖО: С.Серикболова
















Хаттама № 1

05 ақпан 2018 жыл Жамбыл ауылы
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Қатысуға тиіс- 9
Қатысқаны- 9

Күн тәртібінде:

1.Міндетті білім беру айлығының аясында қайрымдылық акциясының қорытындысы. ТІЖО С.Серикболова

Тындалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған ТІЖО С.Серикболова төмендегі мәселелерді айтып өтті.Мектепте аз қамтылған 383 оқушы, тегін ыстық тамақпен 50 оқушы, тегін ыстық тамақпен тамақтанады. Беймезгіл уақытта жүретін оқушыларды анықтау мақсатында ата-аналармен бірлесе отырып айына 3 рет рейд ұйымдастырылып отыр. Мектебімізде 30.01.2018 ж өткен «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және өткізу бұйрығы әзірленіп бекітілді. «Қамқорлық» акциясын өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды. Көмекке мұқтаж балаларды, мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді), аралап тексеру жүргізуді мұғалімдер орындады. Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыстылық», «Түнгі селодағы балалар» рейдтері ұйымдастырылып өткізілді. «Қамқорлық» акциясына мұғалімдермен қатар демеушілерде қатысты. Атап айтқанда, 47 000 теңге ақша жиналып Мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлер қолдарынан келгенше көмектерін берді. Жиналған ақшалай қаражатты мектептегі жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға комиссия мүшелерінің келісімімен бөлініп беріледі.


Күн тәртібіндегі мәселелерді ұжым отырысы тыңдай келе шешім етеді:

1. Жиналған қаржыны комиссия отырысы қарап тиісті оқушыларға таратып берілсін.
2. Шешімді орындау ТІЖО С.Серикболоваға міндеттелінсін.

Хатшы: Д.Таутбаева

Похожие публикации:

27 апрель 2017 Мекен жайымыз
19 апрель 2017 Мектеп тарихы
19 апрель 2017 Мектеп төлқұжаты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Назад 1 2 3 4 Вперед